Газа секторында жаңа туған 3 сәби үсіктен шетінеп кетті
Газа секторындағы жаңа туған 3 нәресте шетінеп кетті. Өмірге келгеніне небары 21 күн толған шақалақтар, аймақтағы қара суыққа шыдас бермей үсіп қалған.
Үшеуінің де ата-анасы теңіз жағасындағы Муваси, Хан-Юнис босқындар лагерін паналауға мәжбүр. Қазір Газа секторында сынап бағанасы минус 13 градусты көрсетіп тұр. Тұрғындар шүберек шатырларды паналап жатыр. Жылы төсек те, киім де жоқ. Дәрігерлер, 3 нәрестінің денсаулығында еш ақау жоқ екенін, тек суық себеп болғанын айтады.
Ахмад Әл-Фарра, Насер ауруханасының балалар бөлімінің меңгерушісі:
- Баланы анасы еш қиындықсыз өзі босанды. Бақыладық. Толық тексерістен өтті. Денсаулығында ешбір кінарат болмады. Үйіне шыққан соң, шатырдағы температура жайлы болмағасын, ол балаға бірден әсер еткен. Нәрестелер мұндай температуға шыдай алмайды.