АҚШ-та дәріханалардың үштен бірі жабылып қалды
АҚШ-та 2010-жылдан бері дәріханалардың үштен бірі жабылып қалған. Мұндай жағдай әсіресе халқының тұрмысы нашар аудандарда жиі кездеседі. Оған онлайн сауданың дамуы себеп.
Жұрт үйден шықпай-ақ түрлі интернет платформалар арқылы рецептсіз препараттар мен денсаулыққа арналған тауарларға тапсырыс бере салуды жөн көреді. Сосын дәріханалардың жабылуына фармацевтердің жалақысының жоғары болуы да әсер етіп жатыр. Олардың жылдық табысы 125 мың доллардан асып кетуі мүмкін. Енді сарапшылар мұның бәрі кедей және шалғай аудан тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету деңгейінің төмендеуіне әкеп соқтыратынын ескертеді.