Қытайда тұрғын үй бағасы құбылып тұр
Қытайда жыл соңында тұрғын үй бағасы құбыла бастады. Елдің ірі қалаларында баспана қымбаттады.
Көрші елдің ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес бағаның өсуі 70 қалада тіркелген. Бейжің, Гуанчжоу, Шэньчжэнь нарығы ырыққа көнбей тұр. Әсіресе Шанхайда баспана шарықтап барады. Шаһарда кейінгі бір айдың ішінде үй бағасы 5%-ке дейін өскен. Бұл қалаларда бір шаршы метрі орта есеппен 51 мыңнан 75 мың юаньға дейін жетеді. Алайда сарапшылар: «бұл уақытша құбылыс», – дейді.
У Цзинь, Цинхуа институты жылжымайтын мүлік нарығын зерттеу орталығының директоры:
- Әдетте дәл осындай кезеңде сұраныс артады. Бұл қалыпты жағдай. Жұрт жылда жаңа жылда жаңа баға қалыптасатынын біледі. Қазір нарықта сатып алушылардың көбейгендігі байқалып отыр. Алайда елде жылжымайтын мүлік индустриясы саясатына қатысты түзетулер жасалды. 2025 жылы бүкіл ел аумағында оң өзгерістер болуы тиіс.