Ұлыбритания бірқатар елге көмек ретінде $76 млн бөледі
Ұлыбритания үкіметі Азия, Африка және Таяу Шығыс елдеріне арналған гуманитарлық бағдарламаларға қосымша 76 млн доллар бөледі.
Бұл туралы Біріккен Корольдіктің Сыртқы істер министрлігі өкілдері мәлімдеді. Аталған ведомство басшысының орынбасары Аннелейз Доддстың айтуынша, бұл қаржы "жаһандық тұрақтылыққа төнген қатерлерге қарсы тұруға" және миграциялық дағдарыст тежеуге бағытталады.