Доха маңындағы қалада адамдар метрода бірін бірі таптады
Катар астанасының маңындағы Люсейл қаласында жаңа жыл мерекесі кезінде метрода адамдар бірін бірі таптап, ондаған кісі жараланды.
Билік жалғыз метро стансасын түнгі 02:00-де жабамыз деген. Ал жаңа жылдық концерт түнгі 01:00-де аяқталған. Концерт біткен бетте мыңдаған адам метроға лап қойды. Адамдар жол бермей, бірін бірі таптай бастаған соң полиция дауыс зорайтқышпен метро түні бойы істейді деп хабарлаған. Бірақ куәгерлер "бұл шешім тым кеш қабылданды" дейді.