Мыңдаған мигрант Мексикадан АҚШ-қа бағыт алды

Мыңдаған мигрант Мексикадан АҚШ шекарасына қарай бағыт алды. Олардың дені – әйелдер мен балалар. Рейтер агенттігі осылай деп хабарлады. Олардың айтуынша, босқындар көші Мексиканың солтүстік шекарасынан басталған. Полиция мен Ұлттық гвардия олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мигранттар АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп қызметіне кіріскенге дейін шекарадан өтуге ниетті. Жаңа президент таққа отырса, Америкаға өту шектеле ме деп қауіптенеді.

Бұған дейін Трамп заңсыз көші-қонға қарсы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеген еді. Бастама іске асса, шамамен 20 млн босқын Америкадан қуылуы мүмкін.