Tesla көліктерін сату көрсеткіші төмендеді
Кейінгі 10 жылда алғаш рет Тесла сатылымдары төмендеді.
Былтыр америкалық компания бір миллион 790 мың электр көлгін сатқан. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен төмен. Сарапшылардың болжамынан да аз болып шықты. Оған бірнеше себеп бар. Былтыр өндірушінің Германиядағы зауыты өртенген. Бұл электмобильдер логистикасына әсер етпей қоймады. Сосын қытай өндірушілері тарапынан бәсекенің артуы тағы бар. Бірнеше күн бұрын компанияға тиесілі жүк көлігі жарылды. Бұл жайт та Тесланың беделіне нұқсан келтіреді - дейді сарапшылар.