Түркия мен Қатар Сирияға жылжымалы электр станциясын жібереді

Түркия мен Қатар елдері Сирияға көмек ретінде электр станциясы ретінде жабдықталған екі кеме жіберетін болды.

Себебі Шам елінде электр қуаты тапшы. Қарулы қақтығыстан энергетикалық нысандардың дені қирап, электр желілері істен шыққан. Соның кесірінен Сирияның басым бөлігінде жарық күніне 2-3 сағатқа ғана беріледі. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа биліктің айтуынша, 2 айдың ішінде халық күніне 8 сағат электр қуатымен қамтамасыз етіледі.