Газада Израиль әскерінің әуе соққыларынан 49 адам қаза тапты
Газа секторында Израиль күштерінің бомбалауынан 1 күнде 49 адам қаза тапты. Құрбандардың 18-і балалар мен әйелдер.
Тағы 57 палестиналық жараланды. Бұл туралы «Әл-Жазира» телеарнасы хабарлады. Әуе соққылары негізінен Нусейр-Ат, Әл-Шати, Әл-Маваси, Бурейдж және Хан-Юнис қаласындағы босқындар лагерлеріне жасалды. Сондай-ақ еврей әскері Иордан өзенінің батыс жағасындағы елдімекендерде тексеріс жүргізіп, 4 тұрғынды өлтірген. Олардың арасында «ХАМАС» тобының бір мүшесі бар. Газаның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 2023 жылдың қазанынан бері Израиль шабуылдарынан қаза тапқан палестиналықтар саны 46 мыңға жуықтап қалды. 109 мыңнан астамы зардап шеккен.