Үндістанның Ассам штатында көмір кенішін су басты

Үндістанның солтүстік-шығысындағы Ассам штатында көмір кенішін су басты. Жергілікті биліктің хабарлауынша апаттан 3 адам көз жұмған.

Жер астында әлі 9 жұмысшы бар. Алдын ала ақпарат бойынша қайғылы оқиғаға кеншілердің жерасты су көзіне тап болуы себеп. Құтқару ісі күн-түн демей жүріп жатыр. Операцияға жерасты суының кідіріссіз құйылуы мен үгілген топырақ кедергі жасауда.