Ливанда ертең жаңа Президентті сайлау бойынша Парламент отырысы өтеді
Ливанда жаңа Президентті сайлау бойынша Парламент отырысы 9 қаңтарға белгіленді. Бұл туралы елдің заң шығару органының спикері Набих Берри хабарлаған.
Мемлекет басшысына үміткерлер арасында Ливан әскерінің қолбасшысы Джозеф Аун, «Ливан күштері» партиясының серкесі Самир Джаджа және «Әл-Марада» партиясының көшбасшысы Сулейман Франжье бар. Бірінші кезеңде жеңіске жету үшін үміткер 128 депутаттың 86-сының қолдауы ие болуы керек. Ал келесі кезеңдерде бұдан да басым дауыс қажет. Бұл елде Президенттің орны 2022 жылдың қазынынан бері бос тұр. Бұған фракциялардың алауыздығы себеп. Әзірге Мемлекет басшысының міндетін Премьер-министр НаджИб МикАти уақытша атқарып жатыр.