Джо Байден 15 қаңтарда америкалықтарға қоштасу үндеуін жолдайды
Джо Байден 15 қаңтарда Вашингтон уақыты бойынша кешкі сағат 8-де америкалықтарға қоштасу үндеуін жолдайды, деп хабарлайды 24kz.
Бұл – орнынан кетіп бара жатқан АҚШ мемлекет басшыларының дәстүрлі сөзі. 20 қаңтарда Байденнің орнына Дональд Трамп жайғасады. Оны ұлықтау рәсімі сол күні өтеді. Трамп былтыр 5 қарашада өткен президент сайлауында қазіргі вице-президент Камала Харристен басым түскен болатын.