Түркияда тұрғын үй қымбаттады

Былтыр жылжымайтын мүлік бағасы 29,5%-ке өскен. Бұл туралы Түркияның Орталық банкі хабарлады.

Елде үйдің 1 шаршы метрінің орташа бағасы жыл соңында 1000 доллардан сәл жоғары болды. Әсіресе Анкарада бір жыл ішінде пәтер бағасы 35%-ке дейін өсті. Ал Стамбул мен Измирде көрсеткіш төменірек. Құрылысшылар биыл да бағаның өсетінін айтады. Өйткені елде тұрғын үйге деген сұраныс жылдан-жылға артып келеді.