TikTok АҚШ аумағында әлі 75 күн бұғатталмайды
АҚШ-та TikTok әлі 2,5 ай бұғатталмайды. Дональд Трамп қосымшаға тыйым салу шешімін 75 күнге кейінге қалдыру туралы жарлыққа қол қойды. Ақ үй басшысы TikTok-қа иелік ететін қытайлық БайтДэнс компаниясына бизнесінің жартысын АҚШ үкіметіне сату туралы ұсыныс жасады. Сонда әлеуметтік желі Америка аумағында бұрынғысынша жұмыс істей беретінін айтады. Әйтпесе қосымша бұғатталып, Қытайға баж салығы салынатынын ескертеді.
Бұл қосымшаның АҚШ-та 170 миллион қолданушысы бар. Джо Байден тұсында TikTok-тың елде жұмыс істеуіне тыйым салу туралы шешім қабылданған еді. Өйткені платформа ұлттық қауіпсіздікке қатер төнідереді деген күдік бар. Сол шешім 19 қаңтарда күшіне енген. Бірақ бұғаттауды кейінге қалдырып отыр.