Тель-Авивте АҚШ азаматы төрт адамды пышақтады
Израиль астанасы Тель-Авивтің орталығында шетелдік азамат пышақпен шабуыл жасап, 4 адамды жаралады.
Оқыс оқиға туристік ауданда болған. Зардап шеккендер қазір ауруханада. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жараланғандардың 2-уінің халі ауыр. Шабуылдаушының көзі бірден жойылған. Полиция оның тегі мароккалық АҚШ азаматы екенін айтады. Израильге туристік виза арқылы 18 қаңтарда келген. Билік бұл лаңкестік әрекет болуы мүмкін дейді. Тергеу жалғасып жатыр.