Газа секторына 2400 көлікпен гуманитарлық көмек жеткізілді

Газа секторына бейбіт бітім басталғаннан кейінгі 3 күнде 2400 жүк көлігімен гуманитарлық көмек жеткізілді.

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеді. Негізінен азық-түлік пен дәрі-дәрмек әкелінген. Олар Иордания мен Мысыр арқылы келді. Сарапшылар гуманитарлық көмек жеткізу операциясы ойдағыдай жүріп жатыр дейді. Қарулы қылмыстық топтар тарапынан тонау әрекет болмаған. БҰҰ анклавқа уақытша баспана мен су жүйесін жөндеу заттарын да жеткізбек. Айта кетейік, Израиль мен ХАМАС арасындағы оқ атпау туралы келісім 19 қаңтарда күшіне енді.