Газа секторындағы үйлердің 92%-ы бүлінген

Газа секторының инфрақұрылымын қалпына келтіруге бірнеше жыл қажет.

БҰҰ-ның өкілдері осылай деп отыр. Қарулы қақтығыстан, әсіресе өңірдің солтүстік аудандары қатты зардап шеккен. Атыс-шабыс салдарынан Газадағы үйлердің 92%-ы қираған. Оның ішінде 160 мың баспана жермен-жексен болса, 276 мыңы бүлінген. Соның салдарынан тұрғындардың көбі қазір уақытша құрылған шатырларда тұруға мәжбүр.