Қуаты жойқын «Эовин» дауылы Ұлыбританияға жетті
Қуаты жойқын «Эовин» дауылы Ұлыбританияға жетті.
Елдің Метеорология қызметі «бұл кейінгі 10 жылдағы ең күшті дауыл» деп бағалаған. Сондай-ақ қар аралас жаңбыр жауып жатыр. Алғашқы соққыны Шотландия мен Солтүстік Ирландия қабылдады. Ол жақтардағы желдің екпіні сағатына 160 шақырымға жеткен. Өкінішке орай, 1 адам опат болды. Мектептер мен мемлекеттік мекемелер жабылып, қоғамдық көлік тоқтады. Жарты миллионға жуық тұрғын жарықсыз қалған. Су беру жүйесі де қиындады. Синоптиктер қолайсыз күн райы әлі 1 апта бойы сақталатынын ескертіп, жолға шықпауға кеңес берді.