Coca-Cola Еуропада сатылған сусындарын кері қайтарып жатыр
Coca-Cola компаниясы Еуропадағы өз өнімдерін кері қайтарып жатыр. Өйткені сусындарынан көп мөлшерде хлорат табылған. Бұл азық-түлік өнімдеріне қосылатын қоспа. «Бірақ мөлшері көбейсе, қалқанша безінің проблемасы бар адамдардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін», – дейді сарапшылар.
Сусындарының құрамында хлораттың концентарциясы жоғары екені Бельгиядағы зауыттың біріндегі тексеру кезінде анықталған. Бұл өнімдер қарашадан бері осы елде ғана емес, Ұлыбритания, Франция, Германия, Нидерланд пен Люксембургте де сатылған. Нақты қанша өнім кері қайтарылатыны айтылмаған. Компания өкілдері мұның адам денсаулығына кері әсер ету қаупі төмен деген уәж айтады. Десе де қауіпсіздік үшін өнімдерін кері қайтарып алып жатыр.