Д. Трамп мәлімдемесі ОАР-дың қор нарығын құлдыратты

Оңтүстік Африка Республикасының ұлттық валютасы рэнд күрт арзандады. Акциялар мен ұлттық облигациялар да құлдырады.

Қор нарығындағы бұл жағдайға Дональд Трамптың мәлімдемесі әсер еткен. Ақ үй басшысы бұл елге қаржылай көмек көрсетуді тоқтатуға ниетті екенін хабарлады. Өйткені мұнда адам құқықтары сақталмайтынын айтқан. Америка Оңтүстік Африка Республикасына 20 жылда 8 миллиард доллар қаржылай көмек көрсеткен.