Екі аптада АҚШ-тан 5 мың мигрант депортацияланды

АҚШ-та заңсыз мигранттарды жаппай депортациялау жалғасып жатыр. Дональд Трамп қызметіне кіріскен екі аптада көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 8 мың адам қамауға алынды.

Солардың 5 мыңнан астамы отанына кері қайтарылды. Тиісті мәліметті елдің көші-қон және кеден полициясы жария етті. Еліне күштеп қайтарылғандардың көбі – Мексика, Гватемала, Гондурас және Сальвадор азаматтары.

Дональд Трамп қызметіне кірісе сала заңсыз мигранттармен күресті күшейту туралы жарлыққа қол қойған еді. Ол Мексикамен арадағы шекарада төтенше жағдай жариялап, бақылауды күшейту үшін өңірдегі әскер санын арттырды.