Бес араб мемлекеті Д. Трамптың ұсынысына қарсы шықты

Бес араб елі АҚШ президенті Дональд Трамптың палестиналықтарды Газа секторынан Мысыр мен Иорданияға көшіру туралы ұсынысына қарсы шықты. Бұл туралы Каирде бас қосқан Сауд Арабиясы, Қатар, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр мен Иорданияның Сыртқы істер министрлері мәлімдеген.

Олар халықаралық қауымдастықты Газа секторын қайта тұрғызу бойынша бірігіп іс қылуға шақырды. Қатар премьер-министрі палестиналықтарды туған жерінен басқа жаққа күштеп көшіру аймақта қақтығыс отын қайта тұтатады деп ескерткен. Сондай-ақ араб елдері Газа аумағында Израиль қоныстарын салуға наразылық білдірді.