АҚШ Мексика мен Канада тауарына алым салуды кейінге қалдырды
АҚШ Мексика тауарларына 25% алым салуды 1 айға шегерді. Бұл туралы Мексика президенті Клаудия Шейнбаум мәлімдеді. Ол осының алдында Ақ үй басшысы Дональд Трамппен сөйлескен. Мемлекет басшылары ортақ келісімге келді.
Мексика есірткі саудасымен күресті күшейтіп, АҚШ-пен арадағы шекара күзетін нығайтуға міндеттеме алған. Бұл мақсатқа 10 мың сарбаз жұмылдырылған. Ал Құрама Штаттар заңсыз қару саудасына қарсы шараларды күшейтеді. АҚШ Канада тауарларына да алым салуды 1 айға тоқтатып қойды. Тараптар жаңа сауда келісіміне отырмақ. Бұл туралы Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде хабарлады. Канада АҚШ-пен арадағы шекараға ерекше назар аудармақ.