Копенгагенде Жарық фестивалі басталды
Дания астанасы Копенгагенде Жарық фестивалі басталды. Қала бойынша 40 шам орнатылған. Олар ғимараттар, көпірлер, көшелер мен саябақтарда сәуле шашып тұр.
Фестиваль 3 аптаға созылады. Ұйымдастырушылар: «Ақпанда Копенгагенде айрықша қараңғы болады, бұл іс-шараны қаланы қосымша жарықтандыру және тұрғындар мен қонақтарға әдемі көрініс пен ерекше көңіл күй сыйлау үшін қолға алдық», – дейді. Бұдан бөлек, фестиваль кезінде концерттер мен би кештері өтеді.