Вашингтонда апатқа ұшыраған ұшақтың қалдықтары судан шығарылды
Вашингтонда 29 қаңтарда құлаған ұшақ пен тікұшақтың бөліктері өзеннен шығарылды.
Су краны ұшақ корпусының бірнеше сынығы мен лайнердің бір қозғалтқышын алып шыққан. Бұл іске 300-ден астам құтқарушы, сүңгуірлер мен әскери-теңіз флотының 2 жүк кемесі тартылды. Әзірге опат болған 67 адамның 55-інің тұлғасы анықталған. Апат себебі әлі белгісіз. Бастапқы тергеу есебі 1 ай ішінде жариялануға тиіс. Естеріңізге сала кетейік, 29-шы қаңтарда Рейган әуежайының маңында жолаушылар ұшағы қонуға бет алғанда әскери тікұшақпен соғылып, екеуі де Потомак өзеніне батып кетті.