«Швеция тарихындағы сұмдық атыс»: 11 адам қаза тапты
Швецияның Эребру қаласындағы атыстан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті. Тағы 10-нан аса адам жараланған.
Кеше қаладағы білім беру орталығында атыс болған еді. Онда мүмкіндігі шектеулі ересек адамдар оқиды. Сонымен қоса шетелдіктер үшін швед тілінің курстары өткізіледі. Шабуылды 35 жастағы жергілікті тұрғын ұйымдастырған. Оның көзі жойылды. Бұл әрекетке не үшін барғаны әзірге белгісіз. Полицейлер қаскөйдің лаңкестік ұйымдармен байланыста болмағанын айтады. Тергеу жалғасып жатыр. Білім беру мекемелерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Елдің премьер-министрі бұл қайғылы оқиғаны Швеция тарихындағы ең сұмдық жаппай атыс деп атады.