Боливия астанасы Ла-Паста былтыр індетке байланысты өтпей қалған дәстүрлі би фестивалі ұйымдастырылды. Бишілер салтанатты шеруге қатысу үшін вакцина салдырған немесе ПТР-тест тапсырған болуы тиіс. Көрермендерге де дәл осындай талап қойылған. Фестивальге қатысушы: – Біз індетті тезірек жеңу үшін екпе салдырдық. Бүгін бетперде тағып фестивальге қатысып жатырмыз. Барлық боливиялықтарды коронавирусқа қарсы екпе салдыруға шақырамыз. Жалпы Боливияда 7 милионнан астам адам екпенің бірінші дозасын алған.