Украиналық босқынның көбін қабылдаған ел – Польша. Көрші елден келгендер биыл мектепте барды. Осыған байланысты 20 мың мұғалім жетіспей жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Кадр тапшылығы бұрыннан бар проблема. Ал Украинадағы шиеленіс мәселені ушықтырып жіберді. Елде білім беру саласындағы мамандардың көбі – зейнетке шығу жасына таяп қалған кісілер. Ал жастардың арасында мамандыққа қызығып жатқандар аз. Мұның бірнеше себебі бар. Рената Казновска, Варшаваның вице-мэрі: – Мұғалімдердің жартысынан астамы мамандығын өзгертпек ойы барын айтып отыр. Бұл сұмдық қой. Ал оның негізгі себебі – төмен жалақы. Бұдан бөлек кейінгі уақытта заңда өзгерістер көбейіп кетті. Мамандықтың беделі төмендеді. Анджей Вырозембски, мектеп директоры: – Тәжірибесі аз мұғалімдердің жалақысы төмен. Шыны керек, үй тазалаушысы не тамақтану орнында ыдыс жуатын адамның өзі ұстаздан көп табады. ГЕРМАНИЯ 40 МЫҢ МҰҒАЛІМ ТАПШЫ Германияда да маман тапшылығы бұрыннан келе жатқан мәселе. Ал биыл елге босып келген украиналық балалар бұл жағдайды тіптен күрделендіріп жіберді. Оқушы саны күрт өскеннен 40 мың мұғалім жетіспей жатыр. Енді мектеп басшылығы лажсыз кейбір сабақтарды қысқарту секілді шараға баруға тура келетінін айтады. Авторы:Жұлдыз Атагельдиева