Әлемде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 5 миллионнан асты. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады. Ең көп кісі өлімі АҚШ-та тіркелген. Мұнда 700 мыңнан астам адам індеттің құрбанына айналды. Бразилия мен Үндістанда да науқастар шетінен бүк түсіп жатыр. Агенттіктің мәліметіне сенсек, коронавирустан қайтыс болғандардың дені вакцина салдырмағандар.