Тәліптер билікке келгелі елді қымбатшылық қысып жатыр. Ұлттық валюта құнсызданған соң азық-түлік бағасы шарықтап кеткен. Небәрі бірнеше күнде ұн, май, күріш сияқты тауарлар 20 процентке дейін өскен. Бұдан бөлек жұрт банктегі жиған-тергенін ала алмай әлек. Себебі елдегі ахуалға байланысты банктер мен валюта айырбастау мекемелері қызмет көрсетпейді. Шетелден ақша аудару да мүмкін емес. Өйткені өткен аптада Вестерн Юнион (( Western Union)) Ауғанстандағы жұмысын тоқтатқан. Мұхаммед Арис, жергілікті тұрғын: - Тәліптер Кабулды басып алғалы бері көп нәрсе өзгерді. Қаладағы жағдай тұрақты болғанымен алдағы уақытта бізді не күтіп тұрғаны белгісіз. Алдыңғы билік кезінде жұмыс істеген азаматтардың болашағы беймәлім.