Әлемде ауасы ең лас қала Индонезия астанасы. 2023 жылдың қорытындысы осындай. Мұндай мәліметті жуырда швейцарияның IQAir зерттеу ұйымы жариялады. Ресми дерек бойынша тек биылдың өзінде Джакартада 8 мың адам осы себептен көз жұмған. Ғалымдар көбіне көліктер ауаны көп ластайды деп санайды.