Қытайдың Цзянсу провинциясы Сучжоу қаласындағы қонақ үй ғимаратының құлауынан қаза тапқандар саны сегіз адамға жетті. Тағы тоғыз адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлады қала үкіметі. «Сыцзи Кайюань» қонақ үйі дүйсенбі күні түстен кейін құлаған, себебі әлі белгісіз. Ғимарат құлағаннан кейін 23 адам үйінді астында қалған. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.