Ел астанасы Парижде жүздеген адам көшеге шығып, билікке үндеу жасады, деп хабарлайды «Хабар 24». Шерушілер «Біз үлкен қасірет алдында тұрмыз, дереу әрекет ету керек», – деп ұрандатты. Жиналған жұрттың дені жастар, жоғары оқу орындарының студенттері. Бас көтергендер елде жасалатын жарнамаларды қысқарту керек, өйткені жарнама табиғи ресурстарды шамадан тыс тұтынуға әкеледі дегенді алға тартады. Ал бұл климатқа және қоршаған ортаға зиян келтіреді.