АҚШ Алғыс айту күніне орай Мэйсис фигураларының шеруіне дайындалуда, деп хабарлайды «Хабар 24». Салтанатты шара дәстүр бойынша, бүгін Манхэттенде өтуі тиіс. Алып шарлар көкке осымен 96-шы рет көтеріледі. Ал Мультфильм кейіпкерлерінің фигураларын үрлеуге арнайы 100-ге жуық ерікті тартылып отыр. Шараны тамашалауға 3 млн көрермен келеді деп күтілуде.