Франциядағы жазғы Олимпиада кезінде жасанды интеллект жүйесі бар технология қолданылады. Бұл туралы халықаралық жарыстарды ұйымдастырушылар ұйымы мәлімдеді. Технология арқылы телекөрермендер үшін онлайн-көрсетілім сапасын жақсартуды жоспарлап отыр. Франция үкіметі жасанды интеллектке қатысты, қауіпсіздік шараларын күшейтеді. Мәселен, адамның бет-әлпеті арқылы жұмыс істейтін бейнекамералардың сапасын арттырады.