Суданда қарулы қақтығыстан бас сауғалаған тұрғындар саны күн сайын артып келеді. Елдің екінші ірі шаһары саналатын Омдурмендегі автобус аялдамаларында кісі қарасы қалың. Олар жаппай қауіпсіз аудандар мен көрші елдерге кетпек. Суданда 15 сәуірден бері Қарулы күштер мен Жедел әрекет ету жасағы арасында қақтығыс болып жатыр. Осы уақыт аралағында 450-ден астам адам қаза тауып, 4 мыңнан аса тұрғын жараланды. Шет мемлекеттер Суданнан өз азаматтары мен бейбіт тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Мәселен, кеше Францияның әскери кемесі Порт-Судан қаласынан жүздеген адамды алып шықты.