Боливия астанасында толассыз жауған жауын су тасқынына ұласып, көшкінге әкелді. Соның салдарынан 33 адам опат болды. Мыңдаған тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Өйткені үйлерді су басқандықтан тұруға жарамайды. Жергілікті билік Ла-Паста қауіптің қызыл деңгейін жариялады. Барлық жол-көлік қатынасы тоқтатылды. Метеорологтардың болжамы бойынша жауын-шашын апта соңына дейін жалғасады. Иван Ариас, Ла-Пас қаласының мэрі: - Қазір су тасқынының салдарынан біраз ауданды су шайып кетті. Оның үстіне тас жолдың айналасындағы жерлер опырылып жатыр. Ойықтардың тереңдігі 3 метрден асады. Эквадорда жолдар опырылып түсті Қатты жауын Эквадор тұрғындарын да әуреге салды. 2 мыңнан астам адам жарықсыз, жылусыз отыр. Эль-Оро провинциясындағы негізгі көпір қирап, жол қатынасында біраз кедергі туындаған. Жергілікті билік тұрғындарға көшеге шықпауға ескертті.