Оқиға Себу аралындағы әуежайда болды. Төтенше жағдай кезінде ұшақ бортында 11 экипаж мүшесі мен 162 жолаушы болған. Бірақ олардың ешбіреуі жапа шекпеген. Әуе кемесі ұшу алаңына 2 рет келіп қонбақ болғанмен, белгісіз себептерден тоқтай алмай көкке көтеріледі. Тек үшінші рет әзер дегенде жерге түскенмен, алаңнан шығып кетеді. Қазір апаттың себептері анықталып жатыр.