Францияның оңтүстік-батысындағы Бордо қаласында екі 3 қабатты ғимарат қирап қалды. Салдарынан 3 адам зардап шекті. Қайғылы оқиға бүгін түнде болды. Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, қираған ғимараттың бірі бос тұрған. Онда жөндеу жұмыстары басталған. Екіншісінде 9 адам тұратын. Дәрігерлер үш тұрғынның ауыр жарақат алғанын хабарлайды. Үйлердің нақты не себептен опырылып қалғаны белгісіз. Тергеу ісі басталды.