Украинадан 25 миллион тоннаға жуық астық экспортталмай жатыр. Оған логистикалық қиындықтар себеп. Бұл негізінен кемежайлардың жабылуымен байланысты. Ол туралы БҰҰ-ның өкілдері хабарлайды. Айтуларынша, соның салдарынан әлемде азық-түлік бағасы қымбаттап кеткен. Айта кеткен жөн, Украина бидай мен жүгерінің ірі экспорттаушыларының бірі саналады. Сарапшылардың пайымдауынша, қарулы қақтығыс салдарынан биыл мемлекет астықтың үштен бірін жинай алмай қалуы мүмкін.