Израиль Газа секторындағы Мысырмен шекаралас Рафах қаласына да шабуыл жасады. Соның салдарынан әл-Магази босқындар лагеріндегі 14 адам қаза тапты. Оның сегізі – бала. Тағы көптеген адам ауыр жарақат алды. Айта кетейік, қазір халық қайтадан, Рафахтан Хан-Юниске қайтып жатыр. Өйткені осыған дейін Израиль Рафахқа шабуылдайтынын мәлімдеген. Бірақ нақты қай күн екені белгісіз еді.