Лондонда мектептердің бірінде тура сабақ үстінде сыныптың төбесі опырылып түсті, деп хабарлайды «Хабар 24». Салдарынан 13 адам ауруханаға түскен. Оның біреуі – ересек адам, қалғаны – балалар. Қызметкерлер мен оқушылар бірден эвакцуацияланған. Оқыс оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз.