АҚШ пен Еуроодақ Ресей мұнайына шекті бағаны белгілегеннен кейін, Түркияның Босфор мен Дарданелл бұғазында 20-ға жуық танкер тұралап қалды. Кейбір басылымдардың хабарлауынша, танкерлердің алғашқы легі портқа қарашаның 29-ы күні жеткен. Арасында қазақстандық мұнайды тасымалдаған кемелер бар. Түркия билігі мұнай тасымалдаушылардан сақтандыру құжаттарын талап етіп отыр. Бұл құжат экологиялық апаттың шығының толық өтеуге кепілдік береді.