Үндістанда дайындалған торт Гиннесс рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды «Хабар 24». Сарай пішінінде жасалған тәттіні сүт пен жұмыртқа қоспай пісірген. Биіктігі – 1,5 метр, салмағы – 200 келі. Бір қызығы, тортты дайындаған аспаз өзінің жетістігін жаңартты. Былтыр ол «Милан шіркеуіне» ұқсайтын тағам дайындап рекордтар кітабына енген еді.