Ресейдің Челябі облысында алапат өрт болып, жүздеген адам басқа жаққа көшуге мәжбүр болды, деп хабарлайды «Хабар 24». От 14 мың гектар аумақты жалмап үлгерген. Ондаған ауыл күлге айналған. Өкінішке қарай, 1 адам көз жұмды. Өрт сөндірушілерге екпіні секундына 150 метрге жеткен күшті жел кедергі жасаған. Елдің Төтенше жағдай министрлігі мұны «отты дауыл» деп атады. Блиц 1: - Доңыздар, қояндар мен 40 тауық жанып кетті. Тығылып қалған бір әтеш пен бір тауық тірі қалды. Блиц 2: - Саяжайымызды көруге келдік. Көшенің аяқ жағы аман. Ал мына жер күлге айналған.