Түркияның қор индексі құлдырап, ұлттық валютасы әлсіреді, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұған президенттік сайлаудың алғашқы кезеңінің қорытындысы әсер еткен. Мәселен, лираның долларға шаққандағы құны 0,4%-ке төмендеп, қор индексі бір күнде 7%-ін жоғалтқан. Алдағы апталарда қор нарығы құбылады, - дейді сарапшылар. Айта кеткен жөн, 28 мамыр Түркияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтеді. Саяси додаға қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған мен оппозиция көшбасшысы Кемал Қылышдароғлы түседі.