Дәстүрге айналған сайыс Антверпенде ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Ереже бойынша асқабаққа мінген сайысшылар ескекпен суда қалқыған үйді айналып мәреге бірінші болып жету керек. Бұл жолы додаға елдің түкпір-түкпірінен 65 команда қатысты. Бельгияда бұл қызықты шара 20 жылдан бері өткізіліп келеді. Әдетте жергілікті шаруалар бұл сайысқа қатысу үшін асқабағын ерте қамдайды екен.