Грекияда күші 4,7 балдық жер сілкінісі тіркелді. Табиғи апат ошағы Крит аралынан 10 шақырым жерден өтіп, кіндігі 6 шақырым тереңдікте болды. Арада 2 сағат уақыт өткеннен кейін Грекияның орталығында тағы жер сілкінді. Бұл жолы жер сілкінісінің күші 4,6 балл болып, ошағы ел орталығынан 5 шақырым жерден өтті. Кіндігі 10 шақырым тереңдікте орналасты. Табиғи апаттан қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ. earthquaketrack.com