Панама каналы тартылып барады. Су өткелі таяздап жатқан соң кемелер жүктемені азайтуға мәжбүр. Осының салдарынан жүк тасымалы 2 есе қымбаттады. Бұл өз кезегінде шикізат пен тауар бағасына әсер етіп жатыр. Ал Метеорология және гидрология институтының мамандары өңірдегі қуаңшылық келер жылға дейін жалғасуы мүмкін деген болжам жасап отыр.