Эквадордың Галапагос аралдарындағы әуежайда жаңа туған 180 тасбақа тәркіленді. Бауырымен жорғалаушылар жеке-жеке полиэтилен қапшыққа салынған. Болжам бойынша жолаушы тасбақаларды саудалау үшін заңсыз шекарадан өткізбек болған. Қара нарықта олардың құны ондаған мың долларға бағаланады. Құтқарылған жануарлар Галапагос аралдарының ұлттық саябағына табысталды.